ЖАСТАР ТІЛІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-СЛЕНГ: КОГНИТИВТІК ЖӘНЕ СОЦИОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5657.2026.95.1.002
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазіргі жастар қарым-қатынасындағы интернет-сленгтің социолингвистикалық, когнитивтік және лингвомәдени ерекшеліктері кешенді түрде қарастырылады. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер кеңістігінде қалыптасқан сленгтік бірліктердің пайда болу алғышарттары, олардың таралу тетіктері мен жастар дискурсында атқаратын коммуникативтік қызметтері жан-жақты талданады. Интернет-сленг жастар арасындағы бейресми қарым-қатынасты ұйымдастыратын, эмоциялық-экспрессивті мәнді күшейтетін және әлеуметтік идентификацияны қамтамасыз ететін маңызды тілдік құрал ретінде сипатталады. Зерттеу барысында интернет-сленгке қатысты шетелдік және отандық ғалымдар тұжырымдары жүйеленіп, олардың сленгті семантикалық динамика, когнитивтік құрылым, ұлттық тілдік орта, билингвизм және әдеби тіл нормаларымен сабақтастықта қарастыру бағыттары салыстырмалы түрде сараланады. Шетелдік зерттеулерде сленгтің мағыналық өзгергіштігі мен когнитивтік табиғатына басымдық берілсе, отандық еңбектерде оның қазақ тілінің дамуына, тілдік мәдениетке және әдеби тіл нормаларына ықпал мәселелері кеңінен қарастырылады. Сонымен қатар мақалада интернет-сленгтің концепт ретінде қалыптасуы когнитивтік модельдер мен фреймдер негізінде сипатталып, сленг бірліктерінің жастар санасында белгілі бір эмоциялық, бағалауыш және әлеуметтік мәндермен тұрақты байланыс орнататыны көрсетіледі. Зерттеу нәтижелері жастар тілінің динамикасын, қазақ тілінің қазіргі даму үдерістерін және цифрлық коммуникацияның тілге әсерін тереңірек түсіндіруге мүмкіндік береді. Мақала интернет-сленгті тіл дамуының табиғи көрінісі әрі заманауи жастар мәдениетінің маңызды тілдік индикаторы ретінде бағалауға ғылыми негіз ұсынады.