ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНЫҢ САХНАЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУІ: ИНСЦЕНИРОВКА МЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ИНТЕРПРЕТАЦИЯ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5657.2026.95.1.007
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазіргі қазақ прозасының экрандық және сахналық өнерге бейімделуі, инсценировка процесінің күрделі табиғаты мен көркемдік трансформация ерекшеліктері кешенді түрде зерттеледі. Зерттеудің өзегі – әдеби мәтіннің театр кеңістігінде қайта құрылу үдерісін режиссерлік концепция, сахналық форма және актерлік интерпретация тұрғысынан талдау. Атап айтқанда, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің классикалық «Қан мен тер» романының кино және театр нұсқаларына салыстырмалы талдау жасалып, шығарманың көркемдік жүйесіндегі өзгерістер айқындалады. Зерттеу барысында кейіпкерлер портретінің әлеуметтік, мәдени және тарихи контекстін ашудағы режиссерлік шешімдер мен актерлік ойынның психологиялық тереңдігіне басымдық беріледі. Сонымен қатар, шығармалардағы әйел бейнесінің психологиялық астары мен эмоционалды динамикасының сахналық шешімдері ғылыми тұрғыдан пайымдалады. Мақала қазақ театрындағы прозалық инсценировканың тарихи даму жолын саралай отырып, оның көрермен қабылдауына әсерін зерделейді. Зерттеу нәтижелері ұлттық әдеби мұраның заманауи театр репертуарын жаңартудағы әлеуетін және классикалық туындылардың жаңа медиалық кеңістіктегі көркемдік мүмкіндіктерін дәлелдейді. Бұл еңбек әдебиеттану мен өнертанудың түйіскен жеріндегі пәнаралық зерттеу ретінде құнды.