Аңдатпа
Мақалада Арал теңізінің экологиялық зардабын көріп отырған Сырдария өзені атырауы ландшафтарының экологиялық жағдайы мен қазіргі күйі туралы айтылған. Кіріспеде аймақтың табиғи ландшафтары мен ландшафтардың игерілу тарихына сипаттама берілген. Жұмыстың өзектілігі мен мақсат-міндетіне, зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздеріне тоқталған. Аймақтың геологиялық құрылымы және жер бедері, соның негізінде топырақ жабыны мен өсімдіктер жамылғысының экологиялық күйі суреттелген. Антропогендік әсердің ландшафтың бүкіл аумағында болмаса да басым ауданында адамның шаруашылығы әсерінен бір немесе бірнеше компоненттерінің түбегейлі өзгеріске ұшырауы айтылған. Болашақта шешімін табуға қажетті мәселелер де қарастырылған.