ДИАЛОГ ФОРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМ ДИСКУРСТАҒЫ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ РӨЛІ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5657.2025.93.3.013
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада көркем дискурстағы диалог формаларының функционалдық рөлі кешенді түрде зерттеледі. Мақсат –әдеби шығармада қолданылған диалогтік құрылымдардың көпқырлы қызметінанықтап, олардың мәтін ішіндегі мәндік, психологиялық және коммуникативтік жүктемесін талдау. Теориялық негіз ретінде көркем дискурс, диалогизм және стилистикалық тәсілдерге қатысты отандық және шетелдік зерттеулер алынған. Материал ретінде Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» және С.Елубайдың «Ақ боз үй» романдарындағы кейіпкерлік диалогтер таңдалып, лингвопоэтикалық, семантикалық және дискурстық әдістер ұштастырылыпқолданылды. Зерттеу нәтижесінде диалогтің үш негізгі функциясы –коммуникативтік, психологиялық және мағынатүзуші қызметтері нақты мысалдармен дәлелденді. Диалог көркем мәтінде оқырманға әсер ететін, кейіпкердің ішкі болмысын ашатын, астарлы идеяны жеткізетін басты құрал екені анықталды. Бұл зерттеу қазақ прозасын диалогтік тұрғыдан танудың ғылыми негізін кеңейтуге үлес қосады.