Аңдатпа
Мақалада Алматы облысы Іле ауданы «Даулет- Бекет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өсірілетін бір өркешті- қазақ бактриан және қос өркешті- түрікмен дромедар түйе тұқымдарының үш күндік, 6, 18 және 42 айлық жас түйелерінің тірілей салмақтарын өлшеп-зерттеу нәтижелері ұсынылған. Түйе тұқымдары төлдерінің жасына және жынысына қарай тірілей салмағы көрсеткіштерін талдау арқылы, олардың тірілей салмақ қосуы сипатталып, Қазақстанда өсірілетін түйе тұқымдарының стандартық талаптарына сәйкес келетіндігі анықталды. Қазақ бактриан және түркімен дромедар түйе тұқымдары боталарының негізгі тірілей салмағының өсуі жасының алты айлығына дейінгі кезеңде ең жоғарғы деңгейге жетедіде, ары қарай салмақ қосуы дене пішінінің өзгеруіне, ағзасының табиғи ортаға бейімделуіне, тағы басқада жануар әлеміне тән қасиеттер арқылы қалыптасады. Қазақстанның оңтүстiк-шығыс аймағында өсірілетін қазақ бактриан түйе тұқымының үш күндік боталары жынысына қарай ұрғашысы 39,7 кг, еркегі 42,1 кг салмақ тартса, түркімен дромедар түйе тұқымы боталары сәйкесінше 37,5 кг және 44,7 кг болды, ал алты айлық түркімен дромедар түйе тұқымы боталарының тірідей салмағы жынысына қарай сәйкесінше 187,7 кг және 202,2 кг, ал қазақ бактриан түйе тұқымы боталарында сәйкесінше 184,5 және 192,6 кг болды. Он сегіз айлық жас түйелердің тірілей салмағының арасындағы айырмашылық сақталып, отыз және қырық екі айлық түйе төлдерінде айтарлықтай айырмашылық байқалмады.