КРИПТОВАЛЮТАНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6181.2026.83.1.009
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Цифрлық технологиялардың бүкіл әлемге таралуы, олардың ӛмірдің барлық салаларына енуі оң және теріс бағытта айтарлықтай ӛзгерістерге әкелді. «Криптовалюта» термині цифрлық валюта және виртуалды активтер ұғымдарымен қатар құқық қолдану тәжірибесінде бұрыннанорнығып келеді. Кеңінен қолданылғанымен, арнайы нормативтік тұрғыдан толық бекітілмеген және кешенді түрде реттелмеген бұл ұғым сот тәжірибесінде сынақ пен қателіктер арқылы біртіндеп қалыптасып, дамудың ӛзіндік жолын таңдады. Мұндай жағдай қоғамның барлық салаларын қамтыған цифрландыру үдерісімен байланысты болып, экономикалық және әлеуметтік қатынастардың бір бӛлігін виртуалды кеңістікке кӛшіруге ықпал етті. Соның нәтижесінде криптовалюталар кейбір құқыққа қарсы әрекеттерді жүзеге асырудың құралына айналып, қылмыстық құқық үшін жаңа сын-қатерлер туындатуда.Мақала Қазақстан Республикасындағы қылмыстық құқық бұзушылық жүйесіндегі криптовалюталардың рӛлін зерттеуге арналған. Зерттеуде криптовалюталардың құқықтық мәртебесін айқындау, олардың қатысуымен жасалатын қылмыс түрлерін талдау, құқық қорғау органдары кездесетін қиындықтарды кӛрсету және қылмыстық заңнаманы жетілдірудің ықтимал бағыттарын анықтау мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, халықаралық тәжірибені ескеру қажеттілігі де атап ӛтіледі. Зерттеудің әдіснамалық негізін жүйелік-құқықтық, салыстырмалы-құқықтық және криминологиялық тәсілдер құрайды№