ҚАЗАҚСТАНДА ПЛАТФОРМАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЛҚЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ РЕТТЕУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.62687/vlj.1.2.2026.38
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасында платформалық жұмыспен қамтудың дамуы жағдайында туындайтын еңбек және азаматтық-құқықтық қатынастарды құқық қолдану практикасы тұрғысынан реттеудің өзекті мәселелері қарастырылады. Зерттеу барысында цифрлық экономиканың ықпалымен дәстүрлі еңбек қатынастарының трансформациясы, сондай-ақ онлайн-платформалар, соның ішінде такси-агрегаторлар қызметі шеңберінде еңбек қатынастарының өзгеру ерекшеліктері талданады. Сонымен қатар, платформалар арқылы еңбек қызметін жүзеге асыратын тұлғалардың құқықтық мәртебесін айқындау және еңбек пен азаматтық-құқықтық қатынастарды ажырату критерийлері зерттеледі. Зерттеу аясында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына талдау жүргізіліп, платформалық жұмыспен қамту саласындағы құқықтық реттеудің олқылықтары мен қайшылықтары анықталады. Әсіресе, жұмыскерлердің әлеуметтік қорғалу мәселелеріне, оның ішінде еңбек кепілдіктерін қамтамасыз ету, еңбекақы төлеу, еңбек қауіпсіздігі және еңбек құқықтарын қорғау тетіктеріне ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, платформалық жұмыспен қамтуды құқықтық реттеудің шетелдік тәжірибесі, атап айтқанда жұмыскерлердің құқықтық мәртебесін айқындау мен олардың құқықтарын қорғау тетіктері қарастырылады. Зерттеу нәтижесінде платформалық жұмыспен қамтуды құқықтық реттеу ұлттық заңнамада жеткілікті деңгейде қалыптаспағаны негізделеді. Соған қарамастан, цифрландыру жағдайында бұл саланың қарқынды дамуы оны құқықтық тұрғыдан жетілдіру қажеттігін айқындайды. Осыған байланысты платформалық жұмыспен қамтуды реттеудің кешенді құқықтық тетіктерін әзірлеу, жұмыскерлердің құқықтарын тиімді қорғау және еңбек нарығы субъектілерінің мүдделер теңгерімін қамтамасыз ету қажеттілігі туралы қорытынды жасалады.