ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ ТЕРІС ҚЫЛЫҚҚА ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН ЖАЗА ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6181.2026.83.1.010
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада ғылыми негізделген талдау нәтижесінде қылмыстық теріс қылық ұғымын енгізудің негізгі алғышарттары ретінде қылмыстық және әкімшілік құқықтың шекарасын нақтылау, сот тӛрелігін оңтайландыру және қылмыстық саясатты заман талабына сай жетілдіру қажеттілігі қарастырылады. Сонымен қатар, тәжірибелік мамандардың пікірлері қылмыстық теріс қылық институтының енгізілуі қылмыстық сот ісін жүргізуді жеңілдететінін, құқық қорғау органдарының жүктемесін азайтатынын және қылмыстық жауапкершіліктің әділ әрі тиімді жүзеге асуына ықпал ететінін кӛрсетеді.Осы тұрғыда мақалада қылмыстық теріс қылықтар үшін кӛзделген жаза түрлерінің мазмұны, олардың ізгілендіру саясатына сәйкестігі және құқық қолдану тәжірибесіндегі тиімділігі жан-жақты талданады. Автор бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды кеңінен қолданудың маңыздылығын негіздеп, айыппұл, қоғамдық және түзету жұмыстары сияқты баламалы санкциялардың профилактикалық әрі тәрбиелік әлеуетін ашады. Сонымен бірге, шынайы ӛкіну, жәбірленушімен татуласу, медиация институты және қылмыстық жауаптылық-тан босату негіздерінің ӛзара байланысы қарастырылады.Зерттеуде БҰҰ құжаттары мен шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, жәбірленушінің мүддесін басым ескеретін және дауларды бейбіт жолмен шешуге бағытталған тетіктерді дамыту қажеттілігі дәлелденеді. Қорытындыда қылмыстық заңнаманы жетілдіру, жазаларды саралау және құқық қолдану практикасын тиімді ету жӛніндегі ғылыми ұсыныстар беріледі.