АУТИСТІК СПЕКТР БҰЗЫЛЫСЫ БАР 3-4 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢЫНТЫМАҚТАСТЫҚДАҒДЫЛАРЫНЫҢҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2960-1673.2026.84.1.009
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл зерттеу аутистік спектрі бұзылған 3–4 жастағы балаларда ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру ерекшеліктеріне арналған. Жұмыста аталған санаттағы балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері, әлеуметтік өзара әрекеттесу мен коммуникативтік дамудағы қиындықтар қарастырылады. Ерте жаста ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырудың ойын, түзете-дамыту және коммуникативтік бағыттағы әдістеріне ерекше назар аударылады. Зерттеу нәтижелері мақсатты педагогикалық жұмыс балалардың өзара әрекеттесуін, бірлескен іс-әрекетін және әлеуметтік дағдыларын дамытуға ықпал ететінін көрсетеді.