ПӘНАРАЛЫҚ ТӘСІЛ НЕГІЗІНДЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТТАР МӘСЕЛЕЛЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3005-6217.2026.87.1.002
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада пәнаралық тәсіл негізінде Дүниежүзілік мұхиттардың мәселелерін оқытудың тиімді тұстары мен негізгі ерекшеліктері қарастырылды. Пәнаралық тәсілді мектеп бағдарламасында қолдану өте маңызды болып табылады. Пәнаралық оқыту білім алушылардың сыни ойлау қабілетін және кешенді шешім қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталған заманауи білім беру жүйесіне сәйкес келеді. Білім алушыларға тек теориялық білім беріп қана қоймай, оны шынайы өмірде қолдануға үйретеді. Пәндер арасындағы өзара байланыстарды түсінуге және жүйелеуге деген ұмтылысын дамытады. Пәнаралық тәсілдің маңызды мәселелерін қарастыру, артықшылықтарын талдау, оқыту жүйесіндегі ерекшеліктерін қолдану бойынша зерттеу жұмысының өзектілігі нақтыланды. Зерттеудің мақсаты – пәнаралық тәсіл негізінде Дүниежүзілік мұхиттар мәселелерін оқытудағы тиімділігін талдау болып табылады. Бұл зерттеу пәнаралық тәсілдің оқыту сапасын дамытуға ықпал ететіндігіне негізделеді. Мақалада мектеп бағдарламасындағы пәнаралық тәсіл негізінде дүниежүзілік мұхиттардың тиімділігін сипаттайтын зерттеулер жүргізілді. Дүниежүзілік мұхит мәселелерінің күрделі және көпдеңгейлі сипаты оларды бір ғана пән шеңберінде қарастырудың жеткіліксіздігін көрсетеді. Дүниежүзілік мұхиттарды оқыту барысында әр пәннің ерекшеліктерін ескере отырып, экологиялық құндылықтарды қалыптастыруға географиялық талдауды қолдану қажеттілігі көрсетілді. Зерттеу нәтижесінде география мен химия және биология пәндерін біріктіре отырып, мұхиттардың маңыздылығын оқушыларға түсіндіру жолдары ұсынылды. Оқу үдерісінде пәнаралық тәсілді қолданудың негізгі артықшылықтары құрастырылды. Дүниежүзілік мұхиттардың мәселелерін оқытуда отандық және шетелдік ғалымдардың жазған еңбектеріндегі қолданылған тәсілдері салыстырылып, әдебиеттерге шолу жүргізілді. Пәнаралық оқытудың жалпы даму мүмкіншілігін анықтау мақсатында SWOT талдау жасалынды. Пәнаралық тәсіл білім алушылардың шығармашылық пен зерттеушілік қабілеттерін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік беретіні анықталды. Сондықтан жүргізілген зерттеулер нәтижесінде мектеп бағдарламасындағы пәнаралық тәсілдің рөлі айқындалып, Дүниежүзілік мұхиттардың мәселелерін оқытудағы тиімділігі қарастырылды.