ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚМҰҒАЛІМДЕРДІҢКӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2960-1673.2026.84.1.010
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕББҚ) білім алушылармен жұмыстың педагогикалық ерекшеліктері кешенді түрде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – инклюзивті білім беру үдерісінде педагог қызметінің мазмұнын, әдістерін, формаларын және кәсіби құзыреттерін теориялық тұрғыда негіздеу, сондай-ақ тиімді педагогикалық қолдау модельдерін сипаттау. Зерттеу барысында инклюзивті білім беру теориясы, арнайы педагогика, психология және заманауи білім беру технологиялары саласындағы ғылыми еңбектерге талдау жасалды. Мақалада педагогтың рөлі, білім беру ортасын бейімдеу, жеке білім беру траекториясын құру, бағалау жүйесінің ерекшеліктері және ата-анамен, мамандармен ынтымақтастық мәселелері кеңінен ашылады. Зерттеу нәтижелері инклюзивті тәжірибені жетілдіруге және педагогтардың кәсіби даярлығын арттыруға бағытталған.