БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ӘСЕРІ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3005-6217.2026.87.1.005
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада биология сабағының тиімділігін арттыру мақсатында Action Research (іс-әрекеттегі зерттеу) әдісін қолданудың теориялық және тәжірибелік негіздері қарастырылады. Зерттеу №33 мектеп-лицейдің 8-сынып оқушыларымен жүргізіліп, зерттеуге жалпы саны 19 білім алушы қатысты. Эксперименттік жұмыс биология пәнінің «Тыныс алу» бөлімі аясында ұйымдастырылып, альвеола мен қан арасындағы газ алмасу, өкпедегі қанның оттекке қанығуы, ұлпа мен қан арасындағы газ алмасу, тыныс алу және тыныс шығару механизмі, өкпенің тіршілік сыйымдылығы, тыныс алу қозғалыстарының жиілігі, сондай-ақ шылым шегудің өкпе қызметіне әсері сияқты негізгі тақырыптарды қамтыды. Зерттеу Action Research әдісінің циклдік құрылымына сәйкес диагностикалық, жоспарлау, іс-әрекет, бақылау және рефлексия кезеңдері бойынша жүзеге асырылды. Оқыту үдерісінде зертханалық жұмыстар, тәжірибелік тапсырмалар, модельдеу, топтық және талдау жұмыстары қолданылды. Зерттеу нәтижелері оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейінің, танымдық белсенділігінің және пәнге қызығушылығының кезең-кезеңімен артқанын көрсетті. Алынған нәтижелер Action Research әдісінің биология сабағында теория мен практиканың өзара байланысын күшейтуге, оқушылардың зерттеушілік және функционалдық сауаттылығын дамытуға, сондай-ақ мұғалімнің рефлексивті-кәсіби қызметін жетілдіруге ықпал ететін тиімді педагогикалық тәсіл екенін дәлелдейді.