PRAKTIKA.AI ҚОЛДАНБАСЫ АРҚЫЛЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3078-8463.2026.53.1.006
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада A2 деңгейіндегі білім алушылардың ағылшын тіліндегі сөйлеу дағдыларын дамытуда Praktika.AI қолданбасының мүмкіндіктері қарастырылады. Қазіргі цифрландыру жағдайында шет тілін оқытуда жасанды интеллект негізіндегі құралдардың рөлі артып келеді. Зерттеу барысында Praktika.AI қолданбасының интерактивті мүмкіндіктері, жедел кері байланыс беруі және білім алушының жеке ерекшеліктеріне бейімделуі талданады. Сонымен қатар, аталған қолданбаның сөйлеу дағдыларын дамытудағы тиімділігі мен мотивацияға әсері қарастырылады. Нәтижесінде, Praktika.AI қолданбасы білім алушылардың сөйлеу белсенділігін арттырып, тілдік кедергілерді азайтуға ықпал ететіні анықталды.