ӨЛЕҢ АУДАРМАСЫНЫҢ ТАРИХЫ: МӘДЕНИ САБАҚТАСТЫҚ ПЕН ПОЭТИКАЛЫҚ ИНТЕРПРЕТАЦИЯ ДӘСТҮРІ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3078-8463.2026.53.1.004
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада өлең аудармасының тарихи дамуы көне өркениеттерден бастап антикалық және шығыс мәдениеттеріне дейінгі кезеңдер аясында қарастырылады. Зерттеуде ежелгі Мысыр, Месопотамия, Грек-Римәлемі, сондай-ақ араб және қытай аударма дәстүрлеріндегі поэтикалық мәтіндерді бейімдеу тәжірибесі талданады. Поэзия аудармасының басты ерекшелігі ретінде форма мен мазмұнның бірлігі, мағына мен көркемдік құрылымның ажырамас сипаты айқындалады. Мақалада сөзбе-сөз және еркін аударма қағидаларының қалыптасуы, аудармашының шығармашылық рөлі және поэтикалық мәтінді аударудағы мәдени-рухани факторлар сараланады. Тарихи мысалдар негізінде өлең аудармасының тек тілдік әрекет емес, мәдениетаралық рухани көпір екендігі тұжырымдалады.