БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУШІЛІК ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2026.89.1.013
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу іс-әрекетін қалыптастырудың кейбір мәселелері қарастырылады. Авторлар заманауи университет жағдайында оқытуды ұйымдастырудың кейбір принциптерін ашып қарастырған: ғылыми-зерттеу, инновациялық-жобалау және білім беру іс-әрекетінің бірлігі және белсенді өзара іс-қимылы ретінде; тұлғаның әлеуметтік және рухани дамуына бағытталуы; күш -жігер мен ресурстарды басым, әлеуметтік маңызы бар және жеткіліксіз игерілген бағыттарға шоғырландыру; студенттердің ғылыми шығармашылығын қолдаужәне дамыту; жүргізілетін зерттеулердің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге қабілетті жарқын шығармашылық даралықтарды қолдау; зерттеулер мен жобалардың нәтижелерін баспа қызметін және Интернет желісінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, практикалық қызметте қолдануға дейін жеткізу және т. б.Зерттеу мәселесіне арналған ғылыми-педагогикалық, арнайы және әдістемелік әдебиеттерге жасалған шолуға сүйене отырып, ғалымдар ғылыми-зерттеу іс-әрекетін ұйымдастырудың ерекшеліктерін анықтап, студенттердің өзіндік ғылыми-зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру кезеңдерін сипаттады, студент зерттеушінің жеке басының психологиялық сипаттамалары да анықталды. Зерттеушілер студенттердің ғылыми-зерттеу іс-әрекетін ұйымдастырудың инновациялық әдістері мен әдістерін сипаттап, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу іс-әрекетін қалыптастырудың әдістемелік жүйесін ұсынды.