БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2026.89.1.038
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік дағдыларын дамыту мәселесі қарастырылған. Ол үшін зерттеу мәселесінің өзектілігі нормативтік құжаттарға сүйене отырып айқындалып, зерттеу тақырыбына қатысты ғылыми-педагогикалық, психологиялық еңбектерге шолужасалып, әлеуметтік дағдыны дамыту мәселесінің қарастырылу жайы талданған. Соның негізінде «әлеуметтік дағды» ұғымына контент талдау ұсынылған. Жалпы әлеуметтік дағдыны құраушы дағдылар тобының әрқайсысына қысқаша мәлімет ұсынылып, бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік дағдыларын дамытудың маңыздылығы нақтыланған. Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік дағдыларын дамытудың компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері, қалыптасу деңгейлері белгіленген. Эксперименттік жұмыс кезеңдері жүйелілікпен баяндалған. Анықтаушы эксперименттік кезеңде бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік дағдыларының қалыптасу деңгейлері диагностикалық әдістемелер арқылы анықталып, оның жақсартуды қажет ететіндей деңгейде болуына орай қалыптастырушы эксперименттік кезең жоспары құрылған және оның жүру барысы түсіндірілген. Зерттеу тақырыбы бойынша ұсыныстар әзірленген. Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік дағдыларын дамыту мәселесі практикалық мәнділікке ие болуы себепті құнды зерттеу тақырыбы деп білеміз.