МЕКТЕПТЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРІ АРҚЫЛЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2026.89.1.030
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мектептегі балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымдары тәжірибесінде экологиялық тәрбие жұмыстарын жүзеге асырудың этнопедагогикалық ерекшеліктеріне ғылыми тұрғыдан баға беру аталған зерттеудің негізгі бағыты болып табылады. Қазақ халық педагогикасындағы қоршаған ортаның қыр-сырына терең мән берген тыйым сөздер мен табиғатты қорғау мен сақтау дәстүрлерімен ұштасқан ұлттық құндылықтар арқылы бүгінгі Alpha және Beta ұрпақтарына экологиялық тәрбие берудің заманауи жүйесін жоспарлау қажеттігі жіті назар аударатын тұстардың бірі екенін аңғартады.Оқушыларға экологиялық тәрбие беруде, мектеп жанынан өз еріктерімен құрылған балалардың қоғамдық топтары мен бірлестіктері арқылы түрлі этнопедагогикалық маңызы зор іс-шараларды жүйелі түрде жоспарлау –жас жеткіншектердің алған білімдерін нақты өміртұрмысында қоғам игілігіне айналуына түрткі болатыны, осы ұсынылып отырған материалда қарастырылады. Атап айтқанда, экологиялық тәрбиенің қайнар көзі саналатын жасыл технология өнімдерін өңдеудегі қоғамға пайдалы еңбек, оқу-тәрбие алаңдарында гүлзарлар, вермитехнология, биогумус, және жылыжай шаруашылықтарын дамыту, мектеп ғимараттарында гидропоника, оранжерея, Micro Green және басқа қоршаған ортаға кеселін тигізбейтін жұмыстарды ұйымдастыруда балалардың экологиялық топтары мен бірлестіктерін құрудың қажеттіліктері тәжірибелік, эксперименттік және аналитикалық нәтижелер негізінде жан-жақты сипаттама беріледі.Қол жеткізілген тәжірибелер негізінде экология тақырыбы бойынша әлемдік деңгейдегі маңызды құжаттар мен жасыл технология жетістіктері мысалында, заманауи мектеп практикасында табиғатқа теріс ықпалын тигізбейтін өнімдердің пайдасы туралы жас ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің этнопедагогикалық ерекшеліктері осы саладағы ғылыми зерттеу еңбектер мен тәжірибелер тұрғысынан зерделенуі жайлы мағлұматтар жария болды.