БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ АКСИОЛОГИЯЛЫҚ КОМПОНЕНТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2026.89.1.011
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық мәдениетін қалыптастырудың маңызы айтыла келіп, оның бір компоненті болып табылатын аксиологиялық компонентті қалыптастыру мәселесі қарастырылған. Жалпы білім беру үдерісіне инновацияның енуі, мұғалімнің инновациялық мәдениетінің қаншалықты маңызды екені еліміздегі нормативтік құжаттарда айқын көрсетілген. Себебі инновациялық мәдениет бұл мұғалімнің кәсібилігінің, әдістемелік шеберлігінің, құзыреттілігінің құрамдас бөлігі болып табылады. Аталған мәселенің отандық зерттеушілер еңбектеріне жеткіліксіз зерттелмегендігі сөз бола келе, зерттеу тақырыбы философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік тұрғыдан қарастырылған. Аксиологиялық компонент педагогтың жаңашылдыққа, кәсіби құндылықтарға, білім мен жаңартуға қатысты көзқарасы мен сенімі болғандықтан, оны инновациялық мәдениетті қалыптастырудың алғашқы сатысы деп тануға болады. Білім беруді дамытудың инновациялық үдерістерінің мұғалімнің әдістемелік мәдениетіне қойылатын талаптарды күшейте түскені себепті оның аксиологиялық компонентін қалыптастырудың мүмкіндіктері көрсетілген. Зерттеу тақырыбы бастауыш сынып мұғалімдері арасында жүргізілген педагогикалық эксперименттік жұмыстар және оның нәтижелері арқылы құндылығын арттыра түседі.