АСБ БАР КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ БАРЫСЫНДАҒЫ ДИАЛОГТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2026.89.1.035
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада аутистік спектр бұзылыстары (бұдан әрі – АСБ) бар бастауыш сынып оқушыларын әлеуметтендірудің тиімді құралы ретіндегі диалогтық қарым-қатынастың педагогикалық мүмкіндіктері қарастырылады. АСБ бар балалар құрдастарымен толыққанды өзара әрекеттесуге және қарым-қатынас орнатуға ынталы, алайда олардың әлеуметтік интеграциясының төмен деңгейі нәтижесінде оқшаулану, осалдық, әлсіздік және байланысқа түсе алмау сияқты мәселелер туындайды. Диалогтық қарым-қатынас арқылы бұл балалардың әлеуметтік дағдыларын дамыту, өзара түсіністік пен қолдау көрсету, сондай-ақ олардың құрдастарымен қарым-қатынас жасау қабілеттерін нығайту мүмкіндігі бар. Педагогикалық тәсілдер мен әдістерді тиімді пайдалану арқылы АСБ бар балалардың әлеуметтену процесін жақсартуға болады. Зерттеу мақсаты: аутистік спектр бұзылыстары бар кіші мектеп оқушыларының өзара диалогтық қарым-қатынасын қалыптастыру барысында кездесетін қиындықтарын анықтап, олардың шешу жолдарын қарастыру. Зерттеу нысаны: эмоционалды-ерікті бұзылысы бар 7–9 жас аралығындағы 120 бастауыш сынып оқушылары мен олардың ата-аналары. Зерттеу әдістері: бақылау, мұғалімдердің есебі, сауалнамалар, ата-аналармен сұхбат, коррекциялық ертегілердің педагогикалық әлеуетін құруға арналған бақылау парағы. Зерттеу нәтижелері: субъективті өзара әрекеттесудің түрі ретінде диалогтың теориялық және әдістемелік негіздері, сондай-ақ АСБ бар балалардың коммуникативтік даму ерекшеліктеріне талдау жасалынды; диалогтық дағдыларды дамыту мен әлеуметтік құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған педагогикалық қолдаудың шарттары мен құралдары негізделді; әлеуметтік қарым-қатынас пен диалогтық өзара әрекеттесуге ықпал ететін ғылыми негізделген оқыту әдістерін қамтитын кешенді бағдарлама әзірленіп, енгізілді. Практикалық маңыздылығы: диалогтың эмоционалды және сөйлеу құралы ретінде халық ертегілерінің элементтерін қолдануға ерекше назар аударылды. Бұл әдіс АСБ бар бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік дағдыларын жақсартуға, соның арқасында олардың әлеуметтенуіне және қоғамға одан әрі интеграциялануына ықпал етеді.