ЖОО-ДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ҚОЛДАНУЫ БОЙЫНША ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2026.89.1.008
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі білім беру кеңістігінде болашақ бастауыш білім педагогтерінің көптілділік құзыреттілігін арттыру стратегиялық маңызға ие өзекті міндеттердің бірі болып табылады. Жасанды интеллект (ЖИ) технологияларының қарқынды дамуы шет тілін меңгеру үдерісін дербестендіруге, оқу мазмұнын бейімдеуге және студенттердің оқу мотивациясын арттыруға кең мүмкіндіктер ұсынуда. Алайда жоғары оқу орындарында ЖИ құралдарын ағылшын тілін оқытуда қолданудың эмпирикалық тиімділігі әлі де жан-жақты зерттеуді талап етеді. Зерттеудің мақсаты —бастауыш білім беру мамандығы студенттеріне ағылшын тілін оқыту барысында ЖИ құралдарын қолданудың тиімділігін дәстүрлі оқыту әдістерімен салыстыра отырып, эксперименттік зерттеу арқылы дәлелдеу. Эксперименттік топта ЖИ технологияларын жүйелі қолдану студенттердің кәсіби педагогикалық терминологияны меңгеру деңгейін, академиялық жазу дағдыларын және тілдік кедергілерді жою жылдамдығын айтарлықтай арттыратыны анықталды. Зерттеу нәтижелері болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау үдерісінде ЖИ технологияларын көптілді білім беру бағдарламаларына тиімді интеграциялау бойынша ғылыми-әдістемелік және практикалық ұсыныстар әзірлеуге негіз болады.