ПЕДАГОГТАРҒА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2026.89.1.019
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада автор орта білім беру ұйымдарында инклюзивті білім берудің қазіргі заманның басым бағыттарының бірі –цифрлық технологиялардың дамуы, ол оқыту мен оқыту сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Цифрландыру әлемдік экономикалық дамудың негізгі трендіне айналып, білім беру саласында жетекші орын алуда.Автор электрондық білім беру ортасын басқарудың ақпараттық және коммуникациялық әдістеріне сипаттама беруге талпыныс жасаған.Әдебиеттерді талдау нәтижесінде ғалымдар цифрлық білім беру ортасының құрылымына үш компонентті енгізетіні анықталды: жағдайлар (платформа және оқыту ақпаратын ұсыну формасы), мазмұн (ақпараттың өзі), нәтиже (тиісті құзыреттердің қалыптасу деңгейі).Зерттеушілер инклюзивті білім беруді дамытуда цифрлық технологияларды қолдану «е-инклюзия (e-inclusion)» ұғымымен белгіленетінін атап өтеді, яғни цифрлық технологиялар –бұл цифрлық құрылғылар мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жиынтығы. Инклюзивтібілім беру міндеттерін шешуге байланысты цифрлық құрылғылардың мынадай санаттары бөлінеді: жаттықтыру мен қайталауға арналған цифрлық құрылғылар; оқытуда көмек көрсетуге арналған (assist) цифрлық құрылғылар; оқытудың мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған (enable) цифрлық құрылғылар (К. Эббот).