ШАХМАТТЫҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СЫНИ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.62931/2959-6335_2025_4_20
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада шахматтың бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлау қабілеттерін дамытудағы маңыздылығы жан-жақты зерттеледі. Зерттеу жұмысы шахматтың танымдық және логикалық дағдыларды қалыптастыруға, оқушылардың когнитивтік белсенділігін арттыруға әсерін ғылыми негізде талдауға бағытталған. Авторлар шахматтың білім беру жүйесіне енгізілуінің педагогикалық тиімділігін тәжірибелік және эмпирикалық әдістер арқылы анықтаған. Зерттеу үш негізгі кезеңнен тұрды: констатаушы эксперимент, шахмат элементтерін оқу процесіне енгізу және қалыптастырушы эксперимент. Әр кезеңде оқушылардың логикалық, сыни және шығармашылық ойлау қабілеттеріндегі өзгерістер бағаланды. Әсіресе, шахмат ойынының оқушылардың шешім қабылдау, ақпаратты талдау және проблемаларды шешу қабілеттерін едәуір жетілдіргені анықталды. Сондай-ақ, зерттеуде сауалнама, бақылау, когнитивтік тестілеу әдістері қолданылып, олардың нәтижелері арқылы шахматтың оқу мотивациясы мен зейін тұрақтылығына оң ықпал еткені көрсетілді. Эксперименттік деректерге сәйкес, жоғары деңгейдегі сыни ойлау қабілеті бар оқушылардың үлесі бастапқы 22%-дан 64%-ға дейін артқан, ал төмен деңгейдегі оқушылар 30%-дан 6%-ға дейін азайған. Бұл нәтижелер t-тест арқылы статистикалық тұрғыда маңыздылығы (p<0.05) дәлелденген. Мақалада отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттерге шолу жасалып, шахматтың білім беру саласындағы артықшылықтары теориялық тұрғыда талданады. Зерттеу нәтижелері шахматты бастауыш сынып бағдарламасына енгізудің оқыту сапасына және оқушылардың когнитивтік дамуына тиімді ықпал ететінін дәлелдейді. Сонымен қатар, бұл зерттеу шахматты педагогикалық құрал ретінде пайдаланудың әдістемелік негіздерін ұсыну арқылы Қазақстандағы білім беру жүйесін жаңғыртуға өз үлесін қосады.