ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ АДВОКАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Journal of actual problems of jurisprudence, 2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/japj1171202614
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетiгiнде әрбiр адамға құқықтық көмек көрсету жөнiндегi конституциялық мiндет жүктелетiн адвокаттың кәсiби қызметi маңызды рөл атқарады. Мұндай конституциялық борыш оның процессуалдық нысан шегінде адвокаттық қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыру процесінде іске асырылады. Ғылыми зерттеу тақырыбының өзектілігі адвокаттың көрсететін заң қызметінің процессуалдық жағдайын көрсету, бұл бір жағынан, адвокаттардың өз клиенттеріне процестік іс жүргізудің әртүрлі түрлерінде заң көмегін көрсету кезіндегі мәртебесін неғұрлым егжей-тегжейлі талдауға, ал екінші жағынан, адвокаттардың құқықтық мәртебесін басқа жеке тұлғалардың заңгерлік қызмет көрсетулерінен ажыратуға мүмкіндік береді. Адвокаттың сотқа дейінгі тергеп-тексерудегі, қылмыстық сот ісін жүргізудегі ерекше құқықтық жағдайы оның кәсіби және процессуалдық мәртебесіне байланысты. Қылмыстық сот ісін жүргізуде адвокаттың алатын орны мен атқаратын міндеттері қоғамның өзінің де адамгершілік, интеллектуалдық, рухани дамуын да, мемлекеттегі демократияның дәрежесін де, ондағы жеке адамдардың мәртебесін, олардың құқықтарын, бостандықтарын, мүдделерін, олардың қорғалуын көрсетеді. Қылмыстық процесте адвокаттың процессуалдық мәртебесі - бұл қорғаушыға оның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін анықтауда және жүзеге асыруда, яғни олардың өкілдігінде, оларды алдын ала тергеуде және сотта заңды тәсілдермен және құралдармен қорғауда заң көмегін көрсету болып табылатын қорғаушының мәртебесі. Зерттеуді түйіндей келе, авторлар тарапынан қылмыстық процесте адвокаттардың өкілеттіктерін іске асыруды құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстар беріледі, яғни, адвокаттардың дәлелдемелерді жинау жөніндегі өкілеттіктерін дамыту және нақтылау үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексіне толықтырулар енгізуді, сондай-ақ, азаматтардың конституциялық құқықтарын шектейтін тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шараларын біріздендіру және осы нысанды қылмыстық іс жүргізу заңнамасында реттеуді ұсынады. Түйін сөздер: адвокатура, құқықтық мәртебе, қылмыстық сот ісін жүргізу, кәсіби қорғау, кәсібилік, сотқа дейінгі тергеп-тексерудегі адвокаттың процессуалдық мәртебесі.