Вестник ЗКУ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37238/2960-1371.2960-138x.2026.101(1).29
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

ҚОҒАМДЫҚ WI-FI ДЕРЕКТЕРІ НЕГІЗІНДЕ ТУРИСТІК БЕЛСЕНДІЛІКТІ AI-БАҒДАРЛАМАЛЫ МОНИТОРИНГТЕУАңдатпа.Мақалада туристік ағымдарды талдаудың тиімді құралы ретінде қоғамдық Wi-Fi деректері мен жасанды интеллект (AI) алгоритмдерінің интеграциясына негізделген цифрлық мониторинг моделі ұсынылады.Дәстүрлі есепке алу әдістерінің шектеулерін еңсеру мақсатында, зерттеуде device-free tracking технологиясы, MAC-адрестерді SHA-256 хэштеу арқылы анонимдеу және DBSCAN, LSTM алгоритмдерін қолдану негізделген.Барселонаның smart-тәжірибесі мен wifimap.ioашық деректері базасында Алматы қаласының туристік кластерлеріне (Көктөбе, Панфилов, Шымбұлақ) кеңістіктікуақыттық талдау жүргізілді.Нәтижесінде қала бойынша туристік жүктеме индексі (0,52) және келушілердің орташа қозғалыс маршруты (6,4 км) есептеліп шығарылды.Бұл тәсіл ресми статистикада көрінбейтін бейресми туристер мен жергілікті қауымдастықтың белсенділігін бағалауға мүмкіндік береді.Зерттеу қорытындылары Smart Tourism экожүйесін дамытуға, over-tourism қаупін болжауға және қала бюджетін деректерге (Big Data) сүйене отырып оңтайландыруға ғылыми-практикалық негіз болады.