Қалмақ тұқымы бұқашықтарының әртүрлі ұлпаларында анықталған полиморфты гендердің мРНҚ экспрессиясы және корреляциялық байланысы

Eurasian Agrotechnical Journal, 2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51452/eaj.2026.1(129).2121
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Алғышарттар мен мақсат. Мақалада келтірілген зерттеу жұмыстары Жамбыл облысындағы «Агрофирма Туркпен» ЖШС-де өсірілетін қалмақ тұқымы бұқашықтарының әртүрлі ұлпаларындағы полиморфты гендердің мРНҚ экспрессиясы мен корреляциялық байланысын зерттеуге бағытталған. Зерттеудің мақсаты — қалмақ тұқымы бұқашықтарының әртүрлі ұлпаларында ELOVL6 және CRTC2 гендерінің экспрессия заңдылықтарын талдау, бірнуклеотидті полиморфизмдерді анықтау және олардың дене өлшемдері көрсеткіштерімен корреляциялық байланысын бағалау болып табылады. Алынған зерттеу нәтижелері етті ірі қара малын селекциялауда молекулалық-генетикалық тәсілдерді қолдану үшін ғылыми негіз бола алады.Материалдар мен әдістер. Ғылыми-зерттеу жұмыстары 2024-2025 жылдары жүргізілді. Зерттеу нысаны ретінде 12-18 айлық қалмақ тұқымды бұқашықтар алынды, ал клиникалық тұрғыдан сау 18 айлық 3 бас малдан 13 түрлі ұлпа үлгілері жиналды. Ұлпалардан жалпы РНҚ бөлініп алынып, кДНҚ синтезі жүргізілді. ELOVL6 және CRTC2 гендерінің экспрессия деңгейі real-time qPCR әдісімен анықталды.Нәтижелер. Зерттеу нәтижелері қалмақ тұқымды ірі қара малының әртүрлі ұлпаларында ELOVL6 және CRTC2 гендерінің мРНҚ экспрессиясы айқын ұлпаға тәуелді заңдылықтарға ие екенін көрсетті. CRTC2 гені негізінен энергетикалық метаболизмге белсенді қатысатын жүрек пен бауыр ұлпаларында жоғары экспрессияланса, ELOVL6 гені липидтік алмасуға қатысатын көкбауыр мен ішек ұлпаларында жоғары транскрипциялық белсенділік көрсетті.Қорытынды. Алынған деректер бұл гендердің май және энергия алмасуын реттеудегі молекулалық рөлін нақтылай отырып, оларды ет өнімділігімен байланысты перспективалы кандидат-гендер ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері ірі қара малды селекциялауда молекулалық-генетикалық тәсілдерді қолдануға ғылыми негіз бола алады.