БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ БАҒЫТТАР

Journal of actual problems of jurisprudence, 2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/japj117120264
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуы жағдайында баланың құқықтарын қорғауға қатысты құқықтық қырлар жан-жақты қарастырылады. Қазақстан Республикасының заңнамасындағы кәмелетке толмаған тұлғалардың құқықтық мәртебесі – атап айтқанда, құқыққабілеттілік, әрекетқабілеттілік және баланың субъективтік құқықтары мәселелері – терең талдауға алынады. Балалардың құқықтарын қорғауға арналған институционалдық тетіктерге де назар аударылады. Олардың қатарына сот арқылы қорғану мүмкіндіктері, Балалар құқықтары жөніндегі уәкілетті органның қызметі мен халықаралық бақылау тетіктері жатады. Әсіресе цифрлық дәуірдің жаңа құқықтық сын-тегеуріндері айрықша мәнге ие: кәмелетке толмаған тұлғаларға қатысты дербес деректерді жинау мен өңдеу, алгоритмдерге негізделген кемсітушілік тәуекелі, мақсатты жарнамалар арқылы ықпал ету сынды өзекті мәселелер көтерілуде. Сондай-ақ, мақалада халықаралық стандарттар мен ұлттық заңнаманың салыстырмалы талдауы жүргізіледі. Атап айтқанда, балалардың деректерін қорғауға арналған Еуропалық Одақтың Жалпы деректерді қорғау регламенті (GDPR), 108+ Конвенциясы және ЕО-ның жасанды интеллектке қатысты регламенттерімен салыстырылады. Осы орайда Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 17 қарашада қабылданған «Жасанды интеллект туралы» жаңа Заңының мазмұны зерделеніп, оның қорғалуы қажет тұлғалар тобына қатысты баптарына ерекше назар аударылады. Цифрлық ортада балалардың құқықтарын тиімді қорғау үшін құқықтық реттеуді жетілдіру жолдары ұсынылады. Бұл ұсыныстар БҰҰ Балалар құқықтары жөніндегі комитетінің №25 Жалпы ескертпесінің ұсынымдары негізінде жасалған. Түйін сөздер: бала құқықтары, жасанды интеллект, дербес деректер, цифрлық құқықтар, кәмелетке толмағандар, құқықтық қорғау, GDPR, Бала құқықтары туралы конвенция, Жасанды интеллект туралы заң.