ҚАЗАҚ АЙТЫСЫНДАҒЫ «ДІН» ДИСКУРСЫ: ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ РЕТТЕУДІҢ МӘДЕНИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48010/aa.v28i1(107).857
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақала қазақ айтысындағы «дін» дискурсын қоғамдық сананы реттеудің мәдени-философиялық негізі ретінде қарастыруға арналған. Көне айтыстар мен қазіргі айтыс мәтіндерінде дін тақырыбы діни жұмбақ, шариғи сұрақ-жауап, Құран аяттары мен хадистерге сүйенген уәждер, сондай-ақ имандылық пен адамгершілікке үндейтін уағыз-насихаттық шумақтар арқылы көрініс табатыны айқындалады. Діни айтыс, діни жұмбақтар мен айтыстың идеологиялық қызметі туралы еңбектер болғанымен, «дін» дискурсының дәл осы айтыс өлеңдері арқылы «дұрыс–бұрыс», «халал–харам» шекараларын белгілеу арқылы қоғамдық сананы қалай реттейтіні жүйелі түрде талданбаған. Осындай олқылықты толтыру мақсатында мақалада Шөже-Кемпірбай, Қабылиса-Таутан, Жүсіпбекқожа-Уәзипа айтыстары мен тәуелсіздік кезеңіндегі бірқатар айтыс мәтіндеріне мәтіндік, дискурстық және герменевтикалық талдау жүргізіледі. Әртүрлі айтыстардан алынған шумақтарға контент-талдау жасалады, сондай-ақ он айтыскер ақынмен тереңдетілген сұхбат материалдары сараланады. Мақалада алынған тұжырымдар айтысты тек фольклортанулық нысан емес, ұлттық діни сананы реттейтін құрал ретінде қарастыруға мүмкіндік береді және дін мен мәдениет, дәстүр мен жаңашылдық тоғысындағы зерттеулерге үлес қосады.