STANDARDIZATION CUTTING SCHEME AND GRADING OF VEAL

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55956/wcbq8168
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұзау еті өзінің тағамдық құндылығымен тұтынушылар арасында кеңінен бағаланады. Бұзау еті әдетте жас (жыныстық жетілмеген) ірі қара малдан 8 айға дейін, ең көп дегенде 12 айлық жасында алынады. Еуропа нарығында бұзау классификациясы мен еттің бөліну сипаттамалары азықтық жүйелер мен ет қасиеттеріне қарағанда әлдеқайда жақсы реттеледі. Алайда Қазақстанда бұзау етіне бекітілген классификация схемасы және оны тауарлық бөліктерге бөлу жүйесі жоқ.Зерттеуде бұзаудың жаңа дифференцияланған схемасын өнеркәсіптік өңдеу, қоғамдық тамақтану және сауда желісі арқылы өткізу үшін қолдану мүмкіндігі қарастырылды. Қазақстан жағдайына бейімделген, бұзау етін сүйекті және сүйексіз бөліктерге бөлу схемасы «Бұзау еті» СТ РК мемлекеттік стандартының әзірлеу негізіне алынатын болады. Бұзаудың әртүрлі бөліктеріндегі жалпы ақуыз құрамындағы айырмашылықтар анықталды (15,15-23,25%) (Р≥0,5), аз мөлшердегі дәнекер тінді ақуыздар қарын, артқы және алдыңғы аяқтарда, қабырға және омыртқа бұлшықеттерінде, кеуде қуысының алдыңғы және артқы бөліктерінде орналасқан. Зерттеу нәтижесінде бұзау етін тиімді бөлшектерге бөліп сыртқы саудаға шығару ұсынылды.