Аңдатпа
Бұл мақалада сыртқы мата, жылулық материал және астар қабаттарынан тұратын он түрлі киім пакеттерінің физикалық, механикалық және функционалдық қасиеттері жан-жақты зерттелді. Зерттеу барысында Рип-Стоп және смесовая маталарының тозуға төзімділігі, ауа және су өткізгіштік көрсеткіштері, сондай-ақ Тинсулейт, Холлофайбер және синтепон жылулық материалдарының тиімділігі талданды. Әдіс ретінде салыстырмалы өлшеу, құрылымдық талдау және көрсеткіштерді сандық бағалау жүзеге асырылды. Нәтижелер әр пакет құрамының жылулық тиімділікке, беріктікке, ылғал мен ауа өткізгіштікке әсерін анық көрсетті. Жұмыстың тәжірибелік маңызы-өндірісте қолданылатын киім материалдарын дұрыс таңдау үшін нақты ғылыми негіздеу ұсыну.