GEODYNAMIC PREREQUISITES FOR DEFORMATIONAL DISPLACEMENTS OF THE EARTH’S SURFACE ON THE CASPIAN PLATEAU

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55956/rfep5134
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Каспий үстірті аумағында жер бетінің қазіргі заманғы деформациялық ығысуларының қалыптасуының геодинамикалық алғышарттары қарастырылады. Зерттеу деформациялық процестердің кеңістіктік-уақыттық ерекшеліктерін сипаттайтын геологиялық, құрылымдық-тектоникалық және инженерлік-геодезиялық деректерді кешенді талдауға негізделген. Деформациялық ығысуларының сандық бағасын жүргізу үшін тік және көлденең ығысуларды миллиметрлік дәлдікпен анықтауды қамтамасыз ететін спутниктік радарлық интерферометрия (InSAR) және ғаламдық навигациялық спутниктік жүйелер (GNSS) деректері пайдаланылды. Деформация жылдамдықтарының карталары мен уақыттық қатарларын талдау деформациялық өрістің айқын кеңістіктік әртектілігін және жер бетінің жекелеген учаскелерінде үдемелі шөгу процесін көрсететін тік ығысулардың орнықты төмендеуші трендтерінің бар екенін анықтады.Деформациялардың ең жоғары жылдамдықтары тұзды күмбездердің дамыған аймақтарына және тектоникалық бұзылыстарға тән екені, сондай-ақ сыртқы табиғи және техногендік факторлардың әсерінен күшейетіні анықталды. Алынған нәтижелер баяу геодинамикалықпроцестерді мониторингтеуде InSAR және GNSS әдістерін кешенді қолданудың тиімділігін растайды және оларды Каспий үстірті аумағындағы геодинамикалық тәуекелдерді бағалау, инженерлік құрылыстар мен мұнай-газ инфрақұрылымы нысандарын жобалау және пайдалану барысында қолдануға мүмкіндік береді.