ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ «АЛИФАТТЫ ҚОСЫЛЫСТАР» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР ЖҮЙЕСІН ҚҰРАСТЫРУ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.54251/2522-4026.2026.2.2au
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада органикалық химия курсының іргелі бөлімі болып табылатын «Алифатты қосылыстар» тақырыбын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері зерттеледі. Зерттеудің өзектілігі білім алушылардың танымдық қабілеттері мен базалық дайындық деңгейлерінің әртүрлілігі жағдайында оқу процесін саралап ұйымдастыру қажеттілігімен негізделеді. Ж.А. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы мен Блум таксономиясын интеграциялау негізінде «Алифатты қосылыстардың» құрылысы, номенклатурасы және қасиеттері бойынша тапсырмалар жүйесін әзірлеу және оның тиімділігін эксперименттік тұрғыдан дәлелдеу. Жұмыс барысында репродуктивтік, алгоритмдік және шығармашылық деңгейдегі тапсырмалардың білім алушылардың төменгі деңгейлі ойлау дағдыларынан жоғары деңгейлі ойлау дағдыларына кезең-кезеңімен өтуіне ықпал ететіні көрсетілген. Эксперимент нәтижелері ұсынылған әдістеменің академиялық тосқауылы төмендетіп, ішкі оқу мотивациясын арттырудағы рөлін айқындады.