PROPERTIES OF FINE-GRAINED FIBER-REINFORCED CONCRETE MADE FROM INDUSTRIAL WASTE FOR 3D PRINTING

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55956/navz7958
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл жұмыста құрылыстық 3D-баспаға арналған тиімді ұсақ түйіршікті фибробетондарды әзірлеу бойынша зерттеу ұсынылған. Тұтқыр ретінде жартылай күлмен алмастырылған PC 400-D0 және PC 500-D0 маркалы портландцементтер пайдаланылды. Жарықшаға төзімділігін және иілгіштікті арттыру үшін құрамына полипропилен, полиэтилен және нейлон сияқты түрлі полимерлік талшықтар енгізілді. Зерттеудің мақсаты жоғары беріктілік сипаттамаларын сақтай отырып, қажетті ағымдылықты және пішін төзімділіктігін қамтамасыз ету үшін бетон қоспасының құрамын оңтайландыру болып табылады.Жүргізілген сынақтар реологиялық қасиеттерін, сығылу мен созылу беріктілігін, тығыздығы мен иілгіштіктік беріктілігін анықтауды қамтыды. Полипропилен талшықтарымен үйлесімде PC 500-D0 маркалы цементті қолдану сығылуға беріктілігі 50 МПа дейін арттыруды және созылуға беріктілігі бақылау құрамдарымен салыстырғанда 20%-ға дейін арттыруды қамтамасыз ететіні анықталды. Күлдің ұнтағын қосу цемент шығынын төмендетуге және қоспаның ыңғайлы орналасуын арттыруға мүмкіндік берді. Алынған нәтижелер құрылыс материалдарының беріктігін арттыруды және өзіндік құнын төмендетуді қамтамасыз ете отырып, құрылыстың аддитивті технологиялары үшін әзірленген қоспалардың перспективалылығын көрсетеді.