DEVELOPMENT OF A METHODOLOGY FOR CALCULATING TOWER CRANES TO ENSURE STABILITY

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55956/ketx8183
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл жұмыста мұнара крандарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған есептеу әдістемесі әзірленді. Әдістеме кранның жұмыс режиміндегі негізгі әсер етуші факторларды –көтерілетін жүк, жел жүктемесі, динамикалық күштер, кранның өз салмағы және тірек шарттарын –кешенді ескеруге мүмкіндік береді. Сандық модельдеу нәтижелері бойынша кранның орын ауыстырулары, эквивалентті кернеулері, тірек реакциялары және тұрақтылықты жоғалту формалары зерттелді. Жүктеме-орын ауыстыру диаграммасы арқылы критикалық жүктеме мен тұрақтылық шегі дәл анықталды, ал тұрақтылық коэффициентінің жебе ұзындығына тәуелділігі қауіпті жұмыс режимдерін алдын ала бағалауға мүмкіндік береді.ANSYS-та зерттеу әдістемесі бойынша есептеу жұмыстары жасалды. Ұсынылған әдістеме мұнара крандарын жобалау, монтаждау және пайдалану кезеңдерінде қолдануға арналған және құрылыс жұмыстарының қауіпсіздікдеңгейін арттыруға бағытталған.