STUDY ON THE COMPOSITION OF PRODUCTS FORMED DURING THE PYROLYSIS OF WASTE MOTOR OILS UNDER THE INFLUENCE OF TEMPERATURE

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55956/simd8398
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл зерттеуде пайдаланылған мотор майларын (ПММ) термиялық пиролиздеу барысында температуралық режимнің (380-440°C) түзілетін сұйық өнімдердің топтық көмірсутектік құрамына әсері қарастырылды. Тәжірибелер 0,5МПа азот қысымында, автоклавтық реакторда 40 минут бойы үздіксіз араластырумен (150 rpm) жүргізілді. Алынған сұйық өнімдер айдау арқылы нафта (30–180 °C), керосин (180-260°C) және газойль (260-350°C) фракцияларына бөлініп, олардың құрамы GC-FID («Хромос GX-1000») әдісімен талданды. Нәтижелер көрсеткендей, температура 380°C-тан 440°C-қа дейін артқанда, нафта фракциясындағы парафиндер мөлшерін 14%-дан 20%-ға дейін, ал нафтендерді 10%-дан 17%-ға дейін арттырды. Сонымен қатар ароматты көмірсутектердің үлесі 42%-дан 32%-ға, ал олефиндер 16%-дан 10%-ға дейін төмендеді. Ұқсас заңдылықтар керосин және газойль фракцияларында да байқалып, жалпы парафиндік көмірсутектер мөлшері 10-11%-ға артқаны анықталды. Бұл температураның жоғарылауы термиялық ыдырау реакцияларын тереңдетіп, өнім құрамында тұрақты қаныққан құрылымдардың жинақталуына ықпал етеді, алынған фракциялық сұйық өнімдерді дизельдік отын компоненттері және жеңіл дистилляттар ретінде тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.