РУХАНИ ҚАУІПСІЗДІК ФЕНОМЕНІ ЖӘНЕ ЯСАУИ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ АДАМ ТӘРБИЕСІ КОНЦЕПЦИЯСЫ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48010/aa.v28i1(107).820
Деректер сенімділігі 85 жоғары
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Зерттеуімізде рухани қауіпсіздік феномені мен Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымындағы адам тәрбиесі концепциясының өзара байланысы талданады. Зерттеу мақсаты – Ясауи ілімінің адам рухын кемелдендіруге бағытталған қағидаларының қазіргі қоғамдағы рухани қауіптер мен радикалдық идеологиялардың таралуына қарсы тұрудағы әлеуетін айқындау. Мақалада «рухани қауіпсіздік» ұғымының философиялық мазмұны, оның аксеологиялық және антропологиялық қырлары қарастырылады. Сондай-ақ Ясауи дүниетанымындағы адам тәрбиесі, нәпсімен күрес, моральдық жауапкершілік және рухани кемелдік идеялары қазіргі заман контексінде талданып, олардың жастардың рухани иммунитетін қалыптастырудағы рөлі сипатталады. Ясауи іліміндегі рухани тәрбие қағидалары қоғамдағы құндылықтар жүйесін тұрақтандырудың және адамгершілік сана-сезімді жандандырудың пәрменді тетігі ретінде қарастырылады. Зерттеу нәтижесінде Ясауи ілімінің рухани қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі философиялық және этикалық негіздері айқындалып, бұл ілімнің қазіргі қоғам үшін маңыздылығы талданады. Сонымен қатар мақалада Ясауи ілімінің ұлттық бірегейлікті сақтау мен рухани жаңғыру үдерістеріндегі орны айқындалады. Бұл зерттеу нәтижелері дерадикализация мен рухани тәрбие саласындағы практикалық бағдарламаларға ғылыми негіз бола алады. Ясауи дүниетанымының құндылықтық әлеуеті қазіргі заманның рухани дағдарыстарын еңсерудің тұжырымдамалық үлгісін ұсынады. Зерттеу қорытындылары рухани қауіпсіздік стратегияларын қалыптастыруда дәстүрлі сопылық ілімдердің маңызын арттыра түседі.