БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ ПЕДАГОГТЕРІН КӘСІБИ ДАЯРЛАУДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.62931/2959-6335_2025_3_17
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада спорт саласындағы кәсіби мамандарды даярлау барысындағы инклюзивті білім беру мәселелері мен оны шешу жолындағы толеранттылық компоненттері қарастырылады. Инклюзивті білім беру мәселелерінде болашақ дене шынықтыру және спорт саласының кәсіби бағыттылығын ескере отырып шешудің мәні мен қажеттілігі негізделеді. Авторлар Білім беру саласы бойынша алыс және жақын шетелдік ғалымдардың зерттеулеріндегі инклюзивті білім беру мәселелерін OxfordUniversityPressжәне Passport«EuromonitorInternational», Б.Н. Ельцин атындағы президенттік кітапхана, Polpred, eLibrary, GoogleScholar, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы, Nauka.kzплатформасы бойынша талдау жасап, инклюзивті білім беру мәселелерін шешудің технологиялары мен тәсілдемелерін айқындайды. Инклюзивті білім беру мәселелерін толеранттылықтың компоненттерімен байланыстырып Қазақ ұлттық спорт университетінде оқитын 1-курс студенттеріне сауалнама жүргізеді. Сауалнамаға «6B01407 Дене шынықтыру және спорт (IP)», «6B01406 Бейімдік дене тәрбиесі педагогы» Білім беру бағдарламалары бойынша 359 студент қатысады. Сауалнама барысында анықталған мәселелерді шешу мақсатында болашақ дене шынықтыру және спорт педагогтерінің инклюзивті білім беру мәселелерін шешу тетіктерін толеранттылық компоненттеріне сәйкес қарастырып, ұсыныстар беріледі