THE CONCEPT OF RISK MANAGEMENT AND IMPROVING THE EFFICIENCY OF OCCUPATIONAL SAFETY AND HEALTH

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52081/tst.2026.v01.i13.079
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада еңбекті қорғау жүйесінде тәуекелдерді басқару әдіснамасының тұжырымдамасы және оны қолдану арқылы өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен еңбекті қорғауды ұйымдастырудың тиімділігін арттыру мәселелері жан-жақты қарастырылады. Зерттеу барысында еңбек қауіпсіздігін басқарудың дәстүрлі тәсілдері талданып, қазіргі өндірістік жағдайларда тәуекелге негізделген басқару стратегиясын қолданудың маңыздылығы көрсетіледі. Еңбекті қорғау саласындағы басқару жүйесін жетілдіру үшін өндірістік ортадағы қауіпті және зиянды факторлардың әсерін бағалау, олардан туындайтын тәуекел деңгейін анықтау және оларды төмендетуге бағытталған тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау қажеттілігі негізделеді. Мақалада кәсіптік тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастырудың теориялық негіздері, оның ішінде тәуекел ұғымының мазмұны, еңбек жағдайлары мен өндірістік процестердің жұмысшылардың денсаулығына әсерін бағалау әдістері қарастырылады. Сонымен қатар еңбек қауіпсіздігі саласында тәуекелдерді бағалау мен басқарудың бірыңғай әдістемелік базасын қалыптастыру қажеттілігі көрсетіліп, тәуекелдерді басқару процесін ұйымдастыруда жүйелік талдау, ақпараттық қамтамасыз ету және математикалық модельдеу әдістерін қолданудың маңыздылығы айқындалады. Ұсынылған әдіснамалық тәсілдер өндірістік ортадағы тәуекелдерді анықтау, бағалау және басқару процестерін жүйелі түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде еңбек жағдайларын жақсартуға, өндірістік жарақаттану мен кәсіби аурулардың деңгейін төмендетуге, жұмысшылардың денсаулығын сақтауға және кәсіпорындардың өндірістік қызметінің жалпы тиімділігін арттыруға ықпал етеді.