ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДИНАМИКАСЫ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48010/aa.v28i1(107).702
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Зерттеуде Қазақстанның оңтүстік өңірлері тұрғындарының дәстүрлі құндылықтарды бағалауы, дәстүрлі құндылықтар өзгерістерін зерттеу, мәдени құндылықтарға қатысты туындайтын қоғамдық өмір мәселелері мен әлеуметтік шиеленісу факторлары, мәдени құндылықтарға деген тұрақты түсініктері анықталады. Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі дәстүрлі және инновациялық құндылықтық үдерістерінің өзара әрекеттесуі аксиологиялық тұрғыдан талданып, жаһандану мен технологиялық даму жағдайында қоғамдағы мәдени трансформациялар мәдениеттің жойылуы ретінде емес, құндылықтар жүйесінің жаңа заман талабына бейімделуі ретінде қарастырылады. Зерттеуде пәнаралық зерттеу әдістері пайдаланылды. Теориялық талдаумен қатар, эмпирикалық деректер ауқымды онлайн-сауалнама және сапалық фокус-топтық сұхбаттар арқылы жинақталды. Бұл тәсіл қоғамның дәстүрлі құндылықтарға деген тұрақты түсініктерін объективті бағалауға мүмкіндік берді.Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде дәстүрлі құндылықтар айтарлықтай трансформацияға ұшырағанымен, олар әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуші негізгі институттардың бірі болып қала береді. Қоғам тарапынан кейбір жасанды немесе жаңадан пайда болған дәстүрлер қажетсіз деп танылғанымен, іргелі дәстүрлі құндылықтар ұлттық бірегейлікті сақтаудың басты тірегі ретінде жоғары бағаланады.Қазіргі қазақстандық қоғамның үйлесімді дамуы заманауи инновацияларды қабылдай отырып, ұлттық мәдени мұраны сақтаудың теңдестірілген моделін қажет етеді. Бұл зерттеу дәстүрлі құндылықтардың қоғамдағы бейімделу әлеуетін және әлеуметтік институттарды қалыптастырудағы рөлін тереңірек түсінуге үлес қосады.