Білім беруді тұрақты дамыту жағдайында информатика пәні мұғалімдерінің кәсіби қажеттіліктерін және олардың даму бағыттарын талдау

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2026-1-261-280
Деректер сенімділігі 85 жоғары
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Зерттеу мақаласы информатика мұғалімдерінің педагогикалық дефициттерін анықтауға және олардың кәсіби құзыреттіліктерін бағалауға бағытталған. Зерттеу аясында 2025 жылы Қазақстанның бес облысынан 899 информатика пәні мұғалімі онлайн сауалнамаға қатысты. Зерттеу аралас әдістемеге негізделіп, деректерді талдау үшін сипаттамалық статистика, Mann-Whitney U тесті, Kruskal-Wallis H тесті және дисперсиялық талдау ANOVA қолданылды. Құралдың ішкі біртұтастығы жоғары деңгейде расталды (Cronbach's α = 0,93-0,97). Нәтижелер көрсеткендей, педагогтар базалық цифрлық құралдарды және дәстүрлі әдістемелік тәжірибелерді сенімді меңгерген. Алайда жасанды интеллект, алгоритмдеу, бағдарламалау және киберқауіпсіздік сияқты бағыттарда айтарлықтай олқылықтар анықталды. Зерттеу нәтижесінде педагогтерде қиындық тудыратын факторлар анықталды: бағдарламау тілдерін меңгеру, абстрактілі ұғымдарды түсіндіру, техниканың ескіруі, уақыттың жетіспеушілігі және кәсіби күйзеліс. Сонымен қатар, информатика мұғалімдерінің кәсіби даярлығын жетілдіру үшін заманауи технологиялар бойынша біліктілікті арттыру, әдістемелік қолдау және материалдық-техникалық базаны жақсартудың өзектілігі көрсетілді. Нәтижелер информатика мұғалімдерін қолдау бағдарламаларын әзірлеуге, цифрлық педагогика мен жасанды интеллектіні білім беру процесіне тиімді енгізу жолдарын айқындауға ықпал етеді.