Садыков Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» еңбегіндегі қазақ тарихының мәселелері және тарихи сананы қалыптастыру

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2026.88.1.025
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада Шәкәрім Құдайбердіұлының 1911 жылы жарық көрген «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» еңбегі қазақ тарихнамасы мен ұлттық тарихи сананың қалыптасу үдерісі контексінде кешенді түрде талданады. Шежіре (араб. Шаджарат - бұтақ, тармақ) халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы. Ру тайпалардың өрбуін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген, қалыптасқан ресми шежіре мәдениетті елдерде кездеседі. Шәкәрім шежіресі бұл анықтама аясынан да кең мәселелерді қамтиды, қозғаған мәселелері аса ауқымды. Онда бір ғана халықтың шығу тегі, даму тарихы емес одан әлдеқайда кең көлемдегі мәліметтер сараланады. Зерттеу барысында еңбектегі қазақ этногенезі мәселесі, түркілік тарихи сабақтастық идеясы, хандық биліктің генеалогиялық легитимациясы және шежіренің мәдени жады институты ретіндегі қызметі қарастырылады. Шәкәрім қазақ халқының шығу тегін Нұх – Яфас – Түрік - Оғыз желісі арқылы жүйелеп, қазақ тарихын исламдық және түркілік өркениеттік кеңістікпен байланыстыра түсіндіреді. Мақалада шежіренің тек генеалогиялық мәтін емес, ұлттық тарихи сананы қалыптастыруға бағытталған концептуалдық еңбек екендігі ғылыми тұрғыдан негізделеді. Деректанулық, мәтінтанулық және тарихи-салыстырмалы әдістер арқылы еңбектің мазмұндық құрылымы мен тарихнамалық орны айқындалады. Зерттеу нәтижелері Шәкәрім шежіресінің қазақ халқының тарихи субъектілігін бекітудегі маңызын көрсетуге мүмкіндік береді.