Түркі кезеңіндегі тас мүсіндердің әскери идеологиялық аспектісін зерттеу

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2026.88.1.021
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада түркі дәуіріне тән тас мүсіндердің әскери-идеологиялық мазмұны мен семантикалық мәні қарастырылады. Түркі өркениетінің мәдени мұраларының бірі болып саналатын тас мүсіндер (балбалдар) сол дәуірдің дүниетанымдық, саяси және әлеуметтік құрылымын айқындайтын бірегей дереккөз. Тас мүсіндер тек өнер туындысы ғана емес, сонымен қатар қоғамның әскери құрылымы, билік иерархиясы және батырлық культінің көрінісі ретінде сипатталады. Мақалада археологиялық деректер, тарихи жазбалар мен мифологиялық символдар жүйесі талданды. Автор түркі қоғамындағы батыр бейнесінің идеологиялық мәнін, сондай-ақ оның мемлекеттілікті нығайтудағы рухани және тәрбиелік қызметін ашып көрсетеді. Зерттеу нәтижелері түркі өркениетінің әскери идеологиясын түсінуге, ежелгі қоғамның саяси және мәдени өмірін қайта жаңғыртуға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында түркі тас мүсіндерінің басқа ежелгі өркениеттердегі әскери мүсіндер-мен салыстырмалы талдауы жүргізілді