1920 ЖЫЛДАРДАҒЫ СЕМЕЙ ӨҢІРІНДЕГІ АҒАРТУ ІСІ МЕН БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2026.88.1.016
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада интерактивті оқыту әдісі мен цифрлық құралдарды қолдануға негізделген зерттеу тақырыбы бойынша семинар сабағын өткізу әдістемесі қарастырылады. Қазіргі білім беру жүйесінің талаптарына сай бейімделген оқу сабағының құрылымы мен мазмұнын көрсететін дидактикалық материал келтіріледі. Семинарды өткізу алгоритмі білім алушылардың өңірлік тарихи ахуалды талдауға және олардың танымдық қызметін жетілдіруге алғышарт болатын іскерлік ойын логикасы мен проблемалық-зерттеу тәсілі негізінде құрылады. Мақалада оқу іс-әрекетінің әртүрлі түрлерін қамтитын семинар сабақтың құрылы-мы сипатталған: тақырыпқа көрнекі таныстыру ретінде архивтік фотосуреттер мен бейне-материалдарды назарға ұсыну, «миға шабуыл» және «Аквариум» форматындағы пікірталастар, зерттеушілік мазмұндағы тапсырмаларды топтық орындау, викториналар мен рөлдік ойындар өткізу. Сабақтың әр элементі білім алушылардың дереккөздерді сыни ойлауын қалыптас-тыруға, тарихи фактілерді түсіндіруге және өз көзқарастарын дәлелдеуге бағытталған. Мақалада оқу іс-әрекетін тиімді ұйымдастыруға ғана емес, сондай-ақ цифрлық сауатты-лықты, топтық жұмыс және коммуникация дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін «Learningapps.org», «Kahoot» және «Padlet» сандық құралдар сабақтың барысына оңтайлы кіріктіріледі. Авторлар интерактивті платформаларды пайдалану оқытушының оқу процесін ұйымдастырудағы мүмкіндіктерін арттырып, білім алушылардың оқу үдерісіне ынтасын күшей-тетіндігін сөз етеді. Семинар сабақтың бұл үлгісін тек өңірлік білім беру тарихын оқыту аясында ғана емес, сонымен қатар дереккөздермен жұмыс істеу, зерттеушілік әдісті қолдану және сыни ойлауды дамыту маңызды саналатын өзге де гуманитарлық пәндерге бейімдеуге болады.