Ш.МҰРТАЗА ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТАРИХИЛЫҚ СИПАТЫ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2026.88.1.028
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ш. Мұртаза қазақ қоғамына ең алдымен жазушы ретінде танылған тұлға, оның қаламынан туындаған мақалалар мен эсселер, әңгімелер мен романдары әрдайым көкейтесті мәселерді көтеруімен де құнды. Бұл мақалада Шерхан Мұртаза шығармаларының біз үшін маңыздылығы оның тарихи тақырыптарды кең көлемде қамтыған мақалаларында, эсселерінде тіпті күнделік-терінің өзінде тарихи мәселелерге үнемі айналып соғып отырған өзіндік ерекшелігі мол жазушы екенін көрсеттік. Шығармашылық мұрасы мен жеке мұрағат қоры оның қоғамдық, қайраткерлік қызметінің және ғылыми–шығармашылық еңбектерінің құндылығын ашуға көмектеседі және зерттеудің өзегі болып табылады. Жамбыл облысы әкімдігі мен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының дайындауымен жарық көрген «Ауылды сені сағынам» жинағындағы Жуалы ауданы, Талапты ауылындағы үйінде сақталған қолжазбаларынан үзінділер, студент шағындағы хаттары мен күнделіктері ғылыми мақаланы жазу барысында осы жеке қоры пайдаланылды.Зерттеудің басты мақсатыШ. Мұртаза күнделіктері мен хаттарын тарихи тақырыпқа жазған әңгімелері мен эсселерін талдау арқылы жазушының шығармашылық және тұлғалық қалыптасу жолдарын айқындау. Осы мақсатқа сәйкес міндеттері, яғни жазушының шығармашылығындағы күнделіктер мен хаттарының рөлі анықталады, тарихи әңгіме, эсселер-дің тарихилық сипаты талданады. Мақалада ретроспективті, салыстырмалы әдістер қолданылды. Ш. Мұртаза күнделіктері мен хаттарындағы, әңгімелері мен эсселеріндегі тарихи тұжырымдар, З. Валиди еңбектері, Думан Анаш сұхбаттары мен қосымша құжатқа негізделген деректер арқылы тарихи шындығы негізделді. Ш. Мұртазаның күнделіктері хаттары, эсселері мен тарихи шығармалары арқылы біз жазушының әдебиетімізбен қатар төл тарихымызға да зор үлес қосқанын көрсеттік.