Аңдатпа
Бұл мақала ХХ ғасырдың орта шенінде Қазақстандағы геология ғылымының дамуына зор үлес қосқан көрнекті ғалым Өкітай Әлиханұлы Бөкейхановтың өмірі мен ғылыми қызметіне арналған. Ол Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның ұлы болғандықтан, оның тағдыры күрделі тарихи кезеңдермен тығыз байланысты болды. Әкесінің саяси қызметі мен туыстарына жасалған саяси репрессиялар салдарынан Өкітайдың өмірі мен еңбектері ұзақ уақыт бойы жабық күйде қалды. Мақалада авторлар мұрағаттық деректерді және сирек құжаттарды ғылыми айналымға енгізіп, оның өмір жолын жан-жақты талдайды. Әсіресе Жезқазған мен Қарсақпай өңірлеріндегі геологиялық барлау жұмыстарына қосқан үлесі кеңінен қарастырылады. Сонымен қатар оның Қаныш Сәтбаевпен ғылыми байланысы мен ынтымақтастығы да сипатталады. Зерттеу барысында тарихи деректер мен бұқаралық ақпарат құралдары материалдары сараланып, ғалымның Қазақстандағы тау-кен өндірісін дамытудағы рөлі айқындалады. Оның еңбектері елдің индустриялық дамуына негіз болып, табиғи ресурстарды игеруге үлкен мүмкіндік берді. Осылайша, Өкітай Бөкейхановтың ғылыми мұрасы ұлттық ғылым тарихында маңызды орын алады және бүгінгі күні де өзекті болып қала береді. Бұл зерттеу соны толық дәлелдей түседі.