Музыкалық сайысу дәстүріндегі агонистика: қазақ және еуропалық контексттер

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59850/saryn.1.14.2026.306
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазақ және еуропалық мәдениеттердегі музыкалық-поэтикалық сайысу дәстүрлерінің тарихи тамырлары мен қазіргі қоғамдағы рөлі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – музыкалық сайысу тәжірибелеріндегі агонистикалық принциптердің құрылымдық, музыкалық және перформативтік механизмдерін анықтау және олардың қазақ пен еуропалық мәдениеттердегі репр2езентациясын салыстыру. Айтыс бұл зерттеуде қазақ мәдени кеңістігіндегі агонистиканың репрезентативті формасы ретінде талданады. Зерттеуде салыстырмалы-тарихи әдіс (қалыптасу контексттерін, тарихи сабақтастықты зерделеу), типологиялық талдау (жанрлық және функциялық ерекшеліктерін жүйелеу), мәдениеттанулық талдау (қоғамдағы символдық рөлін анықтау) кешенді түрде қолданылды. Сонымен қатар, этномузыкалық тәсілдер мен құрылымдық-фразалық салыстыру негізінде айтыс пен басқа да импровизациялық модельдердің ладтық, ырғақтық және интонациялық құрылымдары зерттелді. Айтыстың орындаушылық шеберлікке, мәтін мен саз синтезіне, аудиториямен диалогқа негізделген агонистикалық құрылымы көрсетілді. Еуропалық үлгілерде сайысу элементтері көбіне тарихи-фольклорлық сипатта сақталған. Айтыс заманауи форматтарға бейімделіп, медиа мен халықаралық алаңдарға шыққанымен, мәдени код ретінде маңызын жоғалтпаған. Айтыс – қазақ мәдениетінің агонистикалық жадысын бейнелейтін, кәсіби орындаушылық пен ұлттық бірегейлікті нығайтатын феномен. Бұл зерттеу айтысты кросс-мәдени өзара ықпалдастық пен білім беру кеңістігінде қолданудың жаңа теориялық негізін ұсынады.