ТІК ОСЬТІ ЖЕЛ ТУРБИНАЛАРЫНЫҢ ҮШ АРХИТЕКТУРАСЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ МОДЕЛЬДЕУ ҮШІН ЖЕТІЛДІРІЛГЕН DOUBLE MULTIPLE STREAMTUBE ӘДІСІ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51775/2790-0886_2026_72_1_49
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

. Үш типтегі тік осьті жел электр қондырғылары (ТО ЖЭҚ) моделденді: тропоскино турбинасы, Үш қалақшалы симметриялы NACA 0021 және асимметриялы профильді ЖЭҚ. Аэродинамикалық талдаудың дәлдігін арттыру мақсатында жетілдірілген Double Multiple Streamtube (DMST) моделі ұсынылады. Модельде ағын қисықтығы, динамикалық үзілу, үшөлшемді шығындар, ұштық шығындар және қалақшалар мен тіреуіш құрылымдарының өзара әрекеттесу әсерлері ескерілген. Python тілінде жүзеге асырылған код Beddoes–Leishman динамикалық үзілу моделін, кеңейтілген полярларды және Viterna–Corrigan түзетулерін қолданады. Алынған CL–CD гистерезис қисықтары мен айналу сәті диаграммалары турбиналардың тұрақсыз аэродинамикасын және өздігінен іске қосылу құбылыстарын нақты сипаттайды. Жаңартылған DMST моделі тәжірибелік деректермен жоғары сәйкестік көрсетіп, стандартты DMST моделіне тән C_P артық бағалауын болдырмайды. Ұсынылған тәсіл төмен және айнымалы жел жылдамдықтарында ТО ЖЭҚ жұмыс режимдерін дәлірек болжауға және жобалау тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.