STUDY OF SOYBEAN BREEDING LINES IN ADVANCED NURSERIES UNDER THE CONDITIONS OF SOUTHEASTERN KAZAKHSTAN

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52081/bkaku.2026.v76.i1.302
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қытайбұршағының қазіргі әлемдегі өзектілігі оның көптеген артықшылықтары мен кең қолданысқа ие болуына байланысты. Қазақстанда 2024 жылы қытайбұршағының егіс ауданы шамамен 100 мың га құрады. Бұл дақылды дамыту үздіксіз селекциялық процесті қажет етеді. «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-да қытайбұршағы селекциясы зерттеу процесінің толық схемасы бойынша жүргізіледі. Бақылау және конкурстық сортсынақ тәлімбақтарында жыл сайын үздік ата-ана формаларын будандастыру арқылы алынған константты селекциялық нөмірлерге егістік алқаптарда зерттеу жұмыстары толығымен жүргізіледі. Жыл сайын бақылау тәлімбағында 30-дан астам селекциялық нөмірлерге зерттеу жұмыстары жүргізіліп, өнімділігі бойынша стандарттан асып түсетін үздік нөмірлер ары қарай конкурстық сортсынақ тәлімбағына өтеді. Конкурстық сортсынақ тәлімбағында жыл сайын 20-30 нөмірлерге зерттеу жұмыстары жүргізіліп, үш жыл бойы өнімділігі бойынша стандарт сорттардан жоғары нәтиже көрсететін нөмерлір ҚР АШМ ауыл шаруашылық дақылдар ретінде Мемлекеттік сортсынаққа жіберіледі. 2022 жылы Мемлекеттік сортсынаққа орташа өнімділігі 47,4 ц/га болатын Милка сорты, 2023 жылы сортсынаққа орташа өнімділігі 50,0 ц/га болатын Амалия сорты жіберілді.