PROCESSING OF AGRICULTURAL WASTE INTO TERRA PRETA ORGANIC FERTILIZER AND ITS EFFECT ON THE YIELD OF LEGUMES, VEGETABLES, AND MELON CROPS

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52081/bkaku.2026.v76.i1.298
Деректер сенімділігі 85 жоғары
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ауыл шаруашылығы қалдықтарын (күріш қауызы мен сабаны және сиыр көңі) Терра Прета органикалық тыңайтқышына өңдеу бойынша зертханалық зерттеулер жүргізу, оңтайлы жағдайларды анықтау және оны топырақ құнарлылығын жақсарту үшін пайдалану ұсынылады. Күріш қауызы мен сабанын термиялық өңдеу арқылы биокөмір алынды, пиролиздің оңтайлы жағдайлары табылды және оның сорбциялық қасиеттері зерттелді. Пиролиздің оңтайлы температурасы 300°C, ұзақтығы 60 минут болып табылады, бұл жағдайда биокөмір ең жоғары сорбциялық белсенділік көрсетті. Алынған биокөмір көң, күріш қауызы мен сабан қоспасын компосттау үшін пайдаланылды және одан калифорниялық құрттарға жарамды компост өндірілді. Компост алудың оңтайлы қатынасы күріш қауызы:көң:биокөмір = 70:20:10 масс.% болып табылды. Алынған компост 90 күн бойы калифорниялық құрттардың көмегімен гумификацияланды. Гумификациядан кейін алынған өнімдегі гумустың мөлшері 31,8%-ды құрады. Өнім Терра Прета тұжырымдамасына сәйкес келеді. Алынған Терра Прета органикалық тыңайтқышының қауын, қызанақ, сәбіз, картоп, қарбыз және қияр сияқты бақша дақылдары және көкөністердің өнімділігіне әсері зерттелді. Бұл тыңайтқыштың өнімділікті дақылдың түріне қарай 23-32%-ға арттыратыны анықталды. Бұл органикалық тыңайтқыштың Плантобактерин биопрепаратымен бірге бұршақ тұқымдас өсімдіктердің фенологиясына синергетикалық әсері де зерттелді. Алынған нәтижелер топырақтың деградация мәселесін шешуге және күріш қауызы, сабан және көң сияқты ауылшаруашылық қалдықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.