ЖЕЛІ АРҚЫЛЫ ЖАЛҒАН КОНТЕНТТІ ТАСЫМАЛДАУДЫ ІЗДЕУ ҮШІН ЖЕЛІЛІК ТРАФИКТІ ТАЛДАУ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.1.30-1213
Деректер сенімділігі 85 жоғары
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің қарқынды дамуы жалған ақпарат таратудың жаңа мүмкіндіктерін ашты. Қазіргі уақытта жалған контентті анықтауға бағытталған зерттеулер көбінесе визуалды талдаумен шектеледі, ал желі деңгейінде оны анықтаудың тиімді әдістері жеткіліксіз зерттелген. Сондықтан бұл зерттеу жұмысының негізгі мақсаты желілік трафикті талдау арқылы жалған контентті, соның ішінде дипфейк мазмұнын анықтаудың тиімді техникалық әдістерін ұсыну болып табылады. Бұл жұмыста HTTP-трафикті талдау, файлдарды автоматты түрде шығару, MesoNet нейрондық желі моделі арқылы дипфейктерді анықтау әдістері қолданылды. Зерттеу барысында Scapy, PyTorch және Docker технологиялары пайдаланылды. Нәтижелер көрсеткендей, ұсынылған әдіс дипфейк-контентті желілік трафик деңгейінде нақты уақыт режимінде жоғары дәлдікпен анықтай алады. Жүйе қауіпті контентті автоматты түрде анықтап, Telegram арқылы жедел хабарландыру жібереді, бұл ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде үлкен практикалық мәнге ие.