ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫНЫҢ АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48010/2026.1/1999-5911.01
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақала қазақ философиясы мен мәдениетінің дамуына зор ықпал еткен түркі-ислам өркениетінің екі ірі тұлғасы – Әбу Насыр әл-Фараби (870–950) мен Абай Құнанбаевтың (1845–1904) философиялық идеяларын салыстырмалы тұрғыдан талдауға арналған. Зерттеудің басты мақсаты – олардың ілімдерінің ортақ дүниетанымдық негіздерін анықтап, XIX ғасырдағы қазақ ағартушылығы мен классикалық ислам философиясын байланыстыратын рухани сабақтастықты айқындау. Жұмыста әл-Фарабидің «Ізгі қала» мен «Ізгі адам» тұжырымдамалары жан-жақты қарастырылады. Бұл білім қоғамның үйлесімді дамуы мен жеке тұлғаның кемелдікке жетуіне негіз болатын негізгі құндылықтар ретінде ақыл, мораль, тәрбие және ортақ игілік алға тартылады. Сондай-ақ, еңбек пен ар-ожданды, сенім мен ақылды біртұтас үйлестіретін Абайдың «толық адам» концепциясы талданып, оның философиялық мазмұны айқындалады. Екі ойшылдың да еңбектерінде білімнің, тәрбие мен еңбектің әлеуметтік маңыздылығы және сенім мен ақылдың үйлесімді байланысы ерекше мәнге ие екендігі көрсетіледі. Салыстырмалы талдау нәтижесінде әл-Фараби әділетке негізделген қоғамның әмбебап үлгісін теориялық тұрғыдан қалыптастырған ойшыл ретінде танылады. Ал Абай осы идеяларды қазақ халқының XIX ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдайына бейімдеп, ұлттық мәдениетке лайықтап іске асырушы ретінде сипатталады. Әл-Фараби мен Абайдың философиялық мұралары бір-бірін толықтыратын, дәстүр мен жаңашылдықты үйлестіретін ортақ рухани жүйе ретінде бағаланады. Кілт сөздер: фальсафа, Абай, дүниетаным, әл-Фараби, дін, кемелдік, руханият, әдебиет, перипатетизм, ислам